Қайырымдылық сөресі ашылды

254

Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы – М. Төлеубаев еріктілердің «Мейірімділік – парасаттылыққа апарар жол!» қайырымдылық сөресін ашу бойынша бастамасын қолдады.

Осы арада, 2019 жылдың қазан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жүзеге асырылатын және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауын тапқан «Қайырымдылық акселераторы» жобасының тұсауы кесілді.
«Қайырымдылық акселераторы» әлеуметтік жобасы – көлемді мемлекеттік науқан, оған еріктілер ұйымдарының мүшелері, студент және қызмет атқарушы жастар, аймағымыздың ниет білдірген кез-келген тұрғыны қатыса алады.

Бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аймақтық депертаменттерінің қызметкерлері еріктіліктің дамуына ат салысып, жас буынның бастамаларын қолдап, көмек көрсетуде.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында «Қайырымдылық акселераторы» жобасы аясында Қайырымдылық сөресінің ашылу науқаны басталды. «Аямасаң – қос, жетпесе – ал!», осындай ұранмен Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі 157 үй мекенжайында орналасқан «NUR» дүкенінде «МЕЙІРІМДІЛІК – ПАРАСАТТЫЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ» қайырымдылық сөресі ашылды. Айта кетерлігі, дүкен иелері дүкен аша отырып әр жұма сайын тегін нан таратуды дәстүрге айналдырған.

«Аталған дүкен біздің колледж бен жатақханаға жақын орналасқан, біз осы жерден жиі азық-түлік сатып аламыз. Дүкеннің ашылғанына көп болмаса да жұма сайын нан тарататындықтан есімізде қалыпты. Біз, «Қайырымдылық акселераторы» жобасының қатысушылары ретінде дүкен иелерімен сөйлесіп, аса қажетті азық-түліктер орналасатын (жарма дақылдар, макарондар және т.б.) Қайрымдылық сөресін қоса отырып тауарлар түрін кеңейтуді ұсындық. Мирас (дүкен иесі) бізді қолдап, Қайырымдылық сөресін ашудың бастамасы болуға келісті. Енді Қайырымдылық сөресі арқылы кез-келген ниет білдіруші дүкеннен тауар сатып алып, мұқтаж жандарға арнап Қайырымдылық сөресіне қоя алады» – деп атап өтті «Қайырымдылық акселераторы» жобасының қатысушысы, ерікті, Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжінің студенті Ашимов Айдар.

Жоба қатысушылары аталған науқан қаланың басқа да сауда объектілерінде жалғасатынына сенімді.

Шараларға қатысуға ниет белдірушелерді де, көмекке мұқтаж жандар да «Aqmola – Adaldyq Alaṅy» жобалық кеңсесі қабылдайтынын еске саламыз.