Шымкентте бір отбасы газдан уланып, 5 жасар бала қайтыс болды

232

26 жастағы келіншек пен 4 жасар ұлы мен 3 айлық нәресте ауруханада жатыр. Жансақтау бөлімінде ем алып жатқан науқастардың беті беріп қарап келеді дейді дәрігерлер. Айта кетейік, биылғы жылыту маусымында 7 улану жағдайы тіркеліп, осынша адам қайтыс болған.

Қайғылы жағдай түнгі 24:00 -дер шамасында «Күншығыс» шағынауаданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Көршілердің айтуынша пәтерде уланып қалғандар отбасын түнде іс -сапардан келген отағасы анықтаған.

Бүтін бір отбасын қайғы жамылдырған оқиғаға қатысты түс ауа шұғыл брифинг ұйымдастырылды. Жергілікті билік өкілдері мен төтеншеліктердің басын қосқан жиында тараптар оқыс жағдайдың себебіне үңіліп көрді. Оқиға орнында тиісті тексерулер жүргізген жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың улануына газ құрылғыларының дұрыс жабдықталмауы себеп болуы мүмкін дейді.

Шұғыл шараға «ҚазТрансгазАймақ» өкілдері де келді. Сала мамандарының да пайымы да «тұрғындардың өзі кінәлі» дегенге сайды.

Қазір 25 жастағы келіншек, оның 4 жасар ұлы мен 3 айлық нәрестесі ауруханада. Соматикалық бронхитке шалдыққан үйдің кенжесі бүгін қалалық балалар аурухаласына ауыстырылыпты. Қазір науқастар жансақтау бөлімінде тиісті ем-шараларын алып жатыр дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталған бір айдың ішінде осымен қалада 7 адам уланып қайтыс болған. Қайғылы жағдайларға себеп болып отырған газ жүйесіндегі ақауларды жөндеумен айналысатын жекеменшік компаниялардың да жұмысы сынға алынды. Сала мамандары улану жағдайларына тікелей қатысы бар тұлғаларды жазаламасақ, өзге шарадан қайран жоқ деп тарасты.

Мақпал Рысбаева