Шымкенттегі Абай ауданында табиғи газдан улану оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан бір отбасының сегіз мүшесі зардап шекті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін мұржаның салдарынан орын алған. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Барлығы медициналық бақылауда.
Оқиғаға байланысты Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жариялап жатыр. Тұрғындар газ жабдықтарын үнемі тексеріп, мұржалардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын тексеріп, газ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарттар жасасуы керек.







