Úı ANONS 8 адам уланып қалды

8 адам уланып қалды

Шымкентте 8 адам табиғи газден уланып қалды. Алдын ала болжам бойынша, үй мұржасының құрылысы талапқа сай жасалмаған. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Кеше Шымкентте 8 адам табиғи газден уланып, ауруханаға түсті. Олардың бәрі бір отбасының адамы. Оқиға Асар ықшам ауданында тіркелген.

«Мен газден уландым. Қауіпсіздікке қараңыздар».

Дәрігерлер уланғандардың бәріне қажетті медициналық көмек берген. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсы дейді. Ауруханада ем алған олар бүгін үйлеріне шығарылды. Оқиға орнына төтеншеліктермен бірге қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барған. Мамандар уланудың алдын ала болжамын хабарлады.

АСҚАР ШӘРІП, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Алдын ала болжам бойынша, улану себебі — түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда».

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының дерегінше, қалада жыл басынан бері 236 газдан улану дерегі тіркелген. 3 адам қайтыс болған. Төтеншеліктер тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Газ жабдықтарын уақытылы тексеруге, түтіндік мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалауға, үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасауды сұрайды.

Дилара Иса