Шымкентте газдан улану дерегі күрт артты. Биыл жылыту маусымында 12 адам көз жұмған. Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады. Ал өрт оқиғаларының 80 пайызы жеке тұрғын үйлерде тіркелген. Тілсіз жаудың негізгі себептері қандай?
Шымкентте өрттің 80 пайызға жуығы жеке тұрғын үйлерден, көп жағдайда жылыту маусымында шығады. Жалпы маусымда 73 өрт оқиғасы тіркелген. Онда 4 адам қайтыс болып, 2 адам жарақат алған. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.У.А.: Өрттің шығу себебі өрт деген өзіңізге белгілі айтып келмейді. Тілсіз жау. Көбіне үйдегі газ плиталарына қазандарды қалдырып кетуінен болады. Немесе электр қондырғыларын сөндірмей кетуінен. Ұялы телефондарының қуаттағышын қалдырып кетуінен. Газдан шығып жатыр. Өрттің 80 пайызы қысқа тұйықталуынан».
Рауан Ордабектің сөйзінше, жылыту маусымында өткен жылмен салыстырғанда өрт шығу оқиғалары азайған. Керісінше, газден улану дерегі көбейген. Нақтырақ айтқанда, 125 оқиға тіркелген.
РАУАН ОРДАБЕК, МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.У.А.: «Оның ішінде зардап шеккендер өздеріңіз білесіздер Күншығыс ықшам ауданында орын алды, екіншісі спорт ықшам ауданында бір үйдегі үш пәтерден 4 адамның мәйіті табылды деп хабарланды, барлығы біледі. Іс полицияға жолданды. Ол бойынша жұмыстар жүргізілді».
Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылыту маусымында 12 адам газден уланып, қайтыс болған. Ал өткен жылыту маусымында олардың саны үшеу еді.
Дилара Иса






