Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артты. Бұл жөнінде депутаттар алдында есеп берген басқарма басшысы мәлімдеді. Жыл соңына дейін медицина ұйымдарына 1 901 компьютер алынып, қажеттілік толығымен қамтамасыз етіледі.
2020 жылы 32 медицина мекемелеріне құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1 509 млн.теңге қаралды. №2 қалалық аурухана №2 перзентхана, «Ана мен бала» орталығының ғимараттарын күрделі жөндеуге 5 913 млн.теңге бөлу жоспарлануда.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 100 жедел жәрдем автокөлігі алынып, автоматтандырылған Колл-орталық іске қосылатын болады.
Қала әкімі Eрлан Айтаханов медициналық қызметтердің сапасын арттырып, дәрігерлер біліктіліктерін көтеру үшін 2020 жылы бюджеттен 186, 9 млн. теңге қаражат бағытталатынын жеткізді. Бұл қаржыға 1045 дәрігер білімін жетілдіруге мүмкіндік алады.