Шымкенттің полицейлері жедел жәрдемге қалай жол беруді көрсетті

196
Полиция бейнеролигі

Шымкенттің жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы бейнеролик жариялады. Онда арнайы көліктерге өзге жүргізушілердің қалай жол беруі тиіс екені көрсетілген.

«Біздер әрбіріміз уақытты өздігімізше түсінеміз және бағалаймыз. Дегенмен, уақыт адам өмірін арашалап алу сәтінде аса теңдессіз бағаға ие. Күн сайын, әрбір сәтте жедел жәрдем көрсету қызметі қалалық тұрғындардың шақыруына дер кезінде жетуге асығады» делінген роликпен бірге жарияланған жазбада.

Полиция бейнеролигі

«Бұл бейнеролик қызметтің тәжірибелік сапасын көрсете отырып, қаладағы көлік жүргізушілеріне жедел жәрдем көлігіне жол беруге үндейді. Осындай тәжірибеден нәтиже шығарып, өз өмірімізді қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге тырысайық. Құрметпен, Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметі.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3YQiuwru9wo[/youtube]

Бейнероликті әлеуметтік желі қолданушыларының көбіне ұнатты. Кейбір қолданушылар роликтің арнайы түсірілгеніне назар аударса да аккаунт иелерінің көбісі полицияның осылай болса да жол үстіндегі ахуалды жақсартуға қадам жасағанын құптап отыр.

Жаннат Сарсенбай: «Жарайсыңдар, жігіттер!!! Елдің назары сіздерде. Қызметтерің жансын!»

Болат Байжан: «Бәріміз мәдениетке келсек, жаман болмаймыз, жақсы бастама!!!»

Мария Ожарбаева: «Өте әсерлі ролик! Істеріңіз оңды болсын!!!»