Úı ANONS 22 жедел жәрдем көлігі табыс етілді

22 жедел жәрдем көлігі табыс етілді

фото ШӨКҚ

 

Шымкенттің медицина ұйымдарына 22 жаңа жедел жәрдем көліктері берілді. Жауапты мамандар бұл тұста қала тұрғындарының жыл сайын көбеюін де ескеріп отыр. Бүгінде үшінші мегаполис тұрғындарының саны ресми статистика бойынша 1 244 415 адамды құрады.

Бұл көліктер төртінші шақырту санатына жататын емхалар мен ауруханалардың жедел жәрдем қызметіне берілуде.

Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына көмек көрсететін Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының 4 филиалы және 10 қосалқы станциясында 106 бригада қызмет көрсетеді. Оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшер бригадасы бар.