Шымкентте басқарма басшысының орынбасары ұсталды

191
Qasym.kz

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігің баспасөз қызметі.

«Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ол ЖШС өкілінен үй-жайды жалға беру бойынша заңсыз әрекеттері үшін ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі сотқа жолдау жоспарлануда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады»,-делінген ведомство мәліметінде.

elitar.kz