Заңсыз аңға шығып, тіркелмеген мылтық асынғандар ұсталды
Жетісай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау, қылмыстардың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік шараларды жүргізіп отырады. Осындай тексеру жұмыстарының бірінде кешкі сағат 18:30-дар шамасында Жетісай ауданының Мырзашоқы ауылындағы егістік алқапта аңшылық жасауға шыққан 2 жергілікті тұрғынды тексереді.
Нәтижесінде екі тұрғынның да қолдарындағы мылтықтары тіркелмеген болып шықты.
Оның бірі ИЖ-18 маркалы 16 калибрлі 1 ұңғылы мылтық болса, екіншісі ТОЗ-16 маркалы, 16-калибрлі 1 ұңғылы аңшылық қару. Аталған жайт Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен тіркеуге алынып, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Түркістан облысы полицейлері заңсыз сақталған атыс қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Егер заңды тіркелмеген мылтық болса, ТО ПД тарапынан ұйымдастырылатын акцияларда полицияға өткізіп, бағаланған құнына сай ақшаға өткізуге кеңес береді. Қару ұстауға қызығатын жан, алдымен бұған қатысты заңдармен танысып, заңға сәйкес әркеттенуге кеңес береді. Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 6-қаңтарымен ақпан айының 5 күндері аралығында ЖПҚ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Браконьер» жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара басталғалы бері полицейлер 170-ке жуық әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, миллион теңгеге жуық айыппұлдар салынды. Тәртіп сақшылары заң бұзушылардан 6 дана тіркелмеген аңшы мылтығын, 4 центнерден астам заңсыз ауланған балықтар мен аулауға арналған құрал-жабдықтарын тәркіледі.