Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу бойынша акция басталды

167

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында, 2019 жылдың 10-шы сәуірінен бастап республика аумағында заңсыз қаруларды сатып алу бойынша кезекті акциясы бастау алды.

Осы акцияның бірінші күні, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Нұрлыбаев ауылық округі, Ынталы ауылының тұрғыны Адеханов Ербол заңсыз сақтаудағы, қайтыс болған әкесінен қалған ИЖ-58 маркалы калибрі-16 мм, екі ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық атыс қаруын ерікті түрде келіп ақшалай өтемақы алу үшін, Мақтарал АПБ-нің Азаматтық және қызметттік қару айналымын бақылау тобына тапсырды.

Айта кететін жайт, жоғарыдағыдай кез-келген азамат өз еркімен атыс қаруын, жарылғыш заттарды тиісті мекемеге тапсырса, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген сыйақы төленіп және әкімшілік, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. ІІМ тарапынан өткізіліп отырған акцияға тұрғындардың белсене қатысуына сенім артылды. Ал, ТО ПД акция аясындағы жұмыстарды қарқынды бастап, оған тұрғындар да қолдау білдіруде.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі