Заңсыз қару алып жүрген азамат ұсталды

467

ОҚО ІІД патрульдік полк экипажының қызметкерлері жедел-профилактикалық тексеру жүргізу барысында Шымкент қаласындағы аялдамалардың жанынан өтіп бара жатқан «Лада Гранта» маркалы автокөліктің жүргізушісін қауіпсіздік белгісін тақпағанын көріп тоқтатқан.

Сол кезде автокөліктің ішінде қол тезегіштің қасында тұрған шолақ мылтықты көріп, оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырды. 23 жастағы азаматтың көлігін тінту барысында, шолақ мылтық анықталып, тәркіленіп алынды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Оңтүстік қазақстандық полиция қызметкерлері заңсыз қару қолдану ісі еліміздің Заңы бойынша қудаланатынын ескертеді.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы