Заңсыз қарулар тәркіленді

352

19 мен 21 желтоқсан аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция қызметкерлерімен заңсыз қарумен айналысқан қылмыстардың алдын-алу мен азайту, тұрғындардың заңсыз қару мен оқ-дәрілерді т.б сақтауы, сондай-ақ, атыс қаруы мен басқа да қару түрлерін сақтау мен тіркеу ережелерінің алдын-алуға бағытталған «Қару» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізді.

«Қару» жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы бойынша полицейлер, заңсыз қару сақтаудың 12 жайты, оның ішінде заңсыз айналымнан 1 ойық ұңғылы мылтық, 1 шолақ мылтық, тегіс ұңғылы қарудың 9 бірлігі және 1 пневматикалық тапаншаны тәркіледі. Сонымен қатар, 2 азамат өз еріктерімен 1 тегіс ұңғылы қару мен 1 газды тапаншаны тәртіп сақшыларына тапсырды.

Мәселен, Созақ ауданы бойынша жүргізілген «Қару» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Жамбыл облысының тұрғынын тұтқындады. Одан тәртіп сақшылары тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық қаруын тәркіледі. Облыстық полицияның ҰҚҚКБ қызметкерлері Түркістан қаласынан бұрын 2 рет сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады. Аталған азамат Әл-Фараби аудандық полиция басқармасымен іздеуде жүрген. Одан айғақты зат ретінде суық қару- пышақ тәркіленді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының тексеруімен «Қару» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында 5 мың қарудың иелері мен 180-нен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Яғни, заңсыз қару сақтау ережелерін бұзған – 131, қаруды тіркеу ережелерін бұзған- 42 және заңсыз қару сақтаған- 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қаруды сақтау және тіркеу ережелерін ұстанып жүру қажет екендігін ескертеді. Өз кезегінде, заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде өткізген жағдайда әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі.