Былтыр киелі шаһарда 3 қонақ үй салынған

198

Туристік кластер құру Түркістан қаласының экономикалық әлеуетін дамытудағы басым бағыт. Сондықтан да билік өкілдері осы салаға аса мән береді.

Бұл ретте қонақ үйлердің санын арттыру маңызды. Былтыр қалада заманауи үлгіде 3 қонақ үй іске қосылыпты. Бұл туралы шаһар басшысы Р.Аюповтың есептік кездесуінде мәлім болды.

Келген туристерді жайлы орындарымен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы «Айтолсын», «Эдем», «Евразия», «Royal Grand» қонақ үйлерін кеңейту жұмыстары жүргізілуде екен.

Былтыр қалаға келген зияратшылар мен туристер саны 1 млн. 601 мың адам болса, оның ішінде алыс-жақын шетелден келгені 40 мыңға жеткен. Бұрнағы жылмен салыстырғанда туристер мен зияратшылар саны 106 мың адамға артып отыр дейді билік өкілдері.

Мақпал Рысбаева