«Контрафакт» іс-шарасы барысында 10-ға жуық қылмыс анықталды

282

Түркістан облысының полицейлері «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10-ға жуық қылмысты анықтады

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 17-21 ақпан күндері аралығында «Контрафакт» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты Авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, зияткерлік меншік саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу, компьютерлік технологиялар құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды ашу болып табылады.

«Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері 11 қылмысты анықтады, оның ішінде 8 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу жайты және 1 порнографиялық материалдарды тарату дерегі.

Кентау қаласының полицейлері «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қалалық базарлардың бірінде порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты заттарын тәркілеп алды. Аталған жайт ҚР ҚК 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, полицейлер контрафактілік өнімдерді заңсыз сату деректерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды Түркістан облысының басқа аудандарында өткізді. Мысалы, Қазығұрт ауданында тәртіп сақшылары жергілікті базарлардың бірінде контрафактілі дискілерді заңсыз саудалаудың жолын кесті. Қазығұрт ауданының тұрғынынан полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде 170-тен астам контрафактілі дискіні тәркіледі. Тағы 30-дан астам контрафактілік дискілерді Мақтарал ауданының полицейлері орталық базарда сатылып жатқан жерінен жергілікті тұрғыннан тәркілеп алды. Аталған деректер ҚР ҚК-нің 198-бабы «авторлық және(немесе) сабақтас құқықтарды бұзу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлері контрафактілі өнімдері бар 400-ден астам дискті, 3 элетронды тасығышты және порнографиялық өнімдері бар 3 дискті тәркіледі.