Шымкентте контрафактілі дискілер тәркіленді

238

Шымкентте контрафактілі дискілердің үлкен партиясы тәркіленді. Тәртіп сақшылары мұндай заңсыз тауарлардың ірі қорын осымен екінші рет кәмпескелеп отыр. Қазір алынған заттар арнайы сараптамаға жолданды.

Шымкент қалалық ІІБ ның қызметкерлері лицензиясыз дискілерді тәркіледі. Қала базарларының біріндегі ғимаратта заңсыз контрафактілі дискілер сақталып, саудаға салынып келген. Қалалық ІІБ ның қызметкерлерімен осы аптада екінші мәрте заңсыз саудагерлердің жолы кесіліп отыр.

Қолға түскен сатушының сөзінше бұл дискілерді ол 75 теңгеден алып 200 теңгеге бағалап сатады екен. Дегенмен, мемлекет алдындағы міндеті бойынша салық төлеуге келгенде басын да ауыртқысы келмейді.

Тәркіленіп алынған дискілер арнайы сараптамаға жолданатын болады. Бүгінде сатушы қолхатпен уақытша босатылған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, қомақты көлемде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді.