Қазақстанда коронавирус шырқау шегіне жетіп, қашан төмендейді?

127
фото inform.kz

Сәуір айының ортасына қарай коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері төмендей бастауы тиіс. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Төтенше жағдай режімін ұзарту эпидемиологиялық жағдайға, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына байланысты болады. Біз 15 сәуірге қарай вирусқа шалдығу төмендей бастайды деп үміттенеміз. Мұндай жағдайда шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтын болады. Біз мемлекеттік комиссияда күн сайын бұл ахуалды қарастырып отырамыз. Дегенмен, жағдай теріс өрбитін болса, онда төтенше жағдай режімінің ұзартылатындығы сөзсіз», — деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды…» деген айдармен жарияланған видеода.

Оның атап өтуінше, болжамға сәйкес, сәуір айының алғашқы он күнінде коронавирусқа шалдығу дерегі шырқау шегіне жетуі мүмкін

. «Дегенмен, қабылданған карантиндік шаралар біздің есептеуімізше аурудың таралуын шамамен 50 пайызға төмендетіп отыр. Сондықтан карантиндік шараларды сақтау барынша маңызды және ол мұнан ары да қатаңдатылуы мүмкін. Оны кеше Президентіміз де айтқан болатын. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді», — деді Елжан Біртанов.