Шымкентте 3 жасар қыз уланып қайтыс болды

207

Шымкентте 3 жасар қыз уланып қайтыс болды. Қондырғыдан шыққан табиғи газға тұншығып қалған бала оқиға орнында көз жұмған. Осы мезетте үйде болған марқұмның әжесі мен әпкесі қазір ауруханада жатыр.

Науқастардың қазіргі жағдайын тілшіміз біліп қайтты. Кеше кешкі сағат 20:00-ге таяғанда Нұрсәт шағын ауданындағы тұрғын үйде 3 адамның ес-түссіз жатқаны туралы туыстарынан хабарлама келіп түскен. Екі қызын әжелеріне қалдырған үй иесі есікті қаққанмен қайран болмағандықтан терезені сындырып әрең кіріпті.

Анасы мен қызының құлап жатқанын, 3 жасар қызының қайтыс болғанын көрген әкесі дереу жедел жәрдем шақырған.Қазір 66 жастағы кейуана мен 9 жасар немересі қаладағы гиберариялық оксигинация орталығының токсикологиялық бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, биылғы жылыту маусымында газдан уланудың 9 оқиғасы тіркелген. Оқыс жағдайларда 4 адам зардап шегіп, 11 адам қайтыс болған.

Мақпал Рысбаева