Елімізде орын алып жатқан Төтенше жағдай COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды енгізгені баршаңызға аян.
Осындай қиын кезде қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқушыларға үздіксіз сапалы білім беруде аянбай еңбек етумен қатар, барлық білім беру ұйымдары жаңа форматтағы тәрбие саласында қатар алып келеді. Бүгінгі таңда мектеп-отбасы болып бірлесе , ынтымақпен жақсы тәрбиелік мәні бар жұмыс атқаруда. Мерекеге орай оқушылардың өнерлерін әлеуметтік желілер арқылы паш етуде.
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті де еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды. Баршаңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз. Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын.
Осы сәтті пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру жүйесін және тәрбие саласын дамытып, жас ұрпаққа жаңа форматта тәрбие беріп, бірлік пен ынтымаққа шақыратын құттықтау сөзімен қатар, онлайн жүйеде мерекелік концерттік бағдарламасын көпшіліктің назарына ұсынған Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N131 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымына өз ризашылығымызды білдіреміз.