Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3 205 болды

94

Қазақстанда тағы 67 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

30 сәуір таңғы сағат 9:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 67 жағдай тіркелді: Шымкент қаласы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 1, Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 8, Алматы қаласы – 7, Нұр-Сұлтан қаласы – 6, Ақтөбе облысы – 17, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 1. Қазақстан бойынша барлығы – 3 205.