Карантинде қандай әлеуметтік қызметтерге жүгінуге болады?

209

«Карантин кезінде қағаз жүзіндегі өтінімдер қабылданбайды» дейді мамандар. Әлеуметтік бағыттағы қызметтің 14 түріне тұрғындар Электронды үкімет порталы мен Telegram арқылы жүгіне алады.

Олардың арасында жерлеуге төленетін біржолғы төлемге, асыраушысынан айырылған жағдайда және бала туу, бала күтімі бойынша тағайындалатын жәрдемақыларға да онлайн түрде өтініш беру мүмкіндігі туып отыр.

Ержан Ермахан, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі».»Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін өтінім бере алады».

Мақпал Рысбаева