Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті карантинге жабылды

626

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті карантинге жабылды.

Оған себеп, мекеме қызметкерінің бірі  коронавирус жұқтыруы. Бұл мәліметті растаған төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Зарипа Тұрысбекова қазір  департаменттің 70 шақты қызметкері үй карантинінде  екенін және барлығының үйінде залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Дезинфекция департамент ғимаратында да жүргізіледі. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған қызметкермен байланыста болған азаматтар анықталып жатыр.

Департаменттің  шұғыл  және қауырт желі қызметі  жұмысын тоқтатпады. 101 және тоғыз өрт сөндіру бөлімшесі істеп жатыр

Шынар Оразова