«Жемқорлықсыз болашақ» акция-эстафетасы қорытындыланды

364

Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің бастамасымен қолға алынған «Жемқорлықсыз болашақ» акция-эстафетасы қорытындыланды. Жиынға облыстық прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері мен дін қызметкерлері қатысты. Төтенше жағдай департаментінің 600 адамдық жеке құрамы толық жиналған.

Республика бойынша тұңғыш рет Оңтүстіктің төтенше жағдай мамандары «Біз жемқорлықсыз болашақ құрамыз» ұранымен эстафета бастап отыр. Аудан-қалалық басқармалар өзара тың қайталанбас тақырыпқа сай бейнероликтер дайындап, үздіктері марапатталды.

Бүгінгі ауқымды іс-шараның басатамашылары да марапатталды. Идея авторы майор Тасқараев тың иедя талпынысқа жетелейді дейді.

Оңтүстіктің төтеншеліктері бастаған «Жемқорлықсыз болашаққа» акциясы эстафетасын республикамыздағы әріптестері жалғастыратын болады. Осылайша қоғам дамуына көлденеңкесірін тигізер дертпен күреуге үндеуге шақырады.

Жанар Есенбекова