Түркістанда жаңа демалыс орындары ашылады

796

 

Түркістан аз ғана уақыттың ішінде жасыл желекке оранып, таза әрі жасыл қалаға айналып келеді. Қалада көптеген демалыс орындары пайда болып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамыр айының 15-не Түркістан қаласында бірнеше нысанның құрылысы аяқталмақ.

Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында ортаға салынды.

Қалалық футбол алаңшасында бүгінде жасанды газон төселіп, жарық көздеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Қабылдау орталығының жанындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары да аяқталуға жақын. Ондағы жұмыстар мамыр айының ортасында аяқталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласында бой көтерген Пальма аллеясы ашылады. Қазіргі таңда балалар ойын алаңшасы орнатылып, жарықтандырылуда.

Сондай-ақ, бірер күнде Түркістан қаласы Темір жол аумағын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталады. 30 сәуірде Төреқұлов көшесіндегі абаттандыру да аяқталмақ. Көгалдандыру әрлеу, орындықтарды орнату, жарық көздеріне қосу жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.

Тұңғыш Президент саябағы құрылысындағы жалпы кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталды. Саябақ аумағында 3 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып, 50%-ы отырғызылды. Желілік саябақ құрылысында сыртқы суғару жүйелерінің құрылысы, ағаштарды отырғызу, газон төсеу жұмыстары, сонымен бірге, аяқжолдар, керуен жолдары және канал жұмыстарының 60 пайызы аяқталған.

Түркістан қаласындағы тұрғын үй құрылысы да қарқынды. 24 тұрғын үй құрылыс нысандары салынып, алдағы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс нысандарына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Аппарат отырысында қала әкімі Рашид Аюповтың Түркістан қаласын дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндама жасады. Бүгінгі күнге әкімшілік-іскерлік орталық аумағындағы 7 қабатты 14 тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарының кірпіші қаланып, қабатаралық плита орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойындағы 7 қабатты 10 тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарында колонналары, қабатаралық жабындарының арматурасын тоқу, бетонын құю жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек 12 қабатты 29 тұрғын үйлердің құрылысындағы жұмыс та қарқынды. Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыстағы сақтық шараларының қатаң сақтануын қадағалауды, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды міндеттеді.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі