Қ.Тоқаев: Түркістан облысында 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

277

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысында 10 ауылды су басты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды.

«Өзбекстан аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басты. 22 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр. Өзбекстан Үкіметімен келіссөздер жүргізілуде», деп жазды Мемлекет басшысы.