Шымкенттік құтқарушылар су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетуде

303

 

«Орталық коллектордың» арылуынан Мақтаарал ауданындағы ауылдық округтерінің бірқатар елді мекендерін су басты. Бірінші күннен бастап, Мақтаарал ауданына 2020 жылғы 2 мамырда шыққан Шымкент қаласы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Күн сайын құтқарушылар ауданның елді мекендеріндегі судың деңгейіне мониторинг жүргізеді, жергілікті халыққа көмек көрсету үшін су басқан ауылдарды аралап шығады.
Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында ірі және ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді.

200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында құтқарушылар қайықта тексеру жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті. Су басқан үйлерден олар құнды заттар мен құжаттарды көшіруге көмектесті. Сондай-ақ, ауылды су ағысынан қорғау үшін құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Барлығы 100 қап құм төселді.

Командалық-штабтық машинасы арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысының және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің басшыларымен байланыс орнатылды. Шымкент қаласының құтқарушылары су деңгейінің мониторингін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, оған жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы