«Тоғыс» су қоймасынан келер қауіп жоқ

419

«Шымкенттегі Елтай ауылында орналасқан Тоғыс су қоймасынан төменде орналасқан елдімекендерге еш қауіп жоқ «,-дейді «Қазсушар» РМК Түркістан  облыстық филиалы мамандары.

Стратегиялық маңызды нысан болғандықтан, мұнда сала мамандарынан бөлек, полиция қызметі тәулік бойы қызметте. Бейнекамералар да орнатылған. Осыдан 3-4 жыл бұрын қайта құру жұмыстарынан өткен су қойманың су деңгейі де үнемі бақылауда. Пайдалануға 1964 жылы берілген Тоғыс су қоймасының жобалық сыйымдылығы 4 млн. текше метрден асады.
Әмина Мамырова, Тоғыс су қоймасының инженер-гидрометрі: «Тоғыс су қоймасының сыйымдылығы  4,7 млн. текше метр. Қазіргі таңда  қоймада  1 млнға жетпейтін 820 мың текше метр су бар.  Тұрғындарға қауіп жоқ. Мұнда мамандар тәулік бойы жұмыс істейді».

Назерке Үкібасова