Úı ANONS Шымкентте екі бүлдіршінді зорламақ болған күдікті ұсталды

Шымкентте екі бүлдіршінді зорламақ болған күдікті ұсталды

Кәмелет жасына толмаған қыздарды зорламақ болған шымкенттік тұрғын 20 жылға сотталуы мүмкін. Бұл жағдай үстіміздегі жылдың 11-маусымында орын алған.

Қала тұрғыны полицейлерге белгісіз ер адамның 5-8 жасар қыздарын зорламақ болғанын айтып шағымданған. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы ПД бастығы: «Күдікті өзінің арам пиғылды әрекетіне қыздарды көндіру үшін түрлі амалдарға барғаны анықталып отыр. Қазір ол қамауда. Қылмысы дәлелін тапса, заң шеңберінде жауапқа тартылады».

Мақпал Рысбаева