Úı ANONS Ірі көлемдегі алаяқтық фактісіне қатысы бар күдікті әйел ұсталды

Ірі көлемдегі алаяқтық фактісіне қатысы бар күдікті әйел ұсталды

фото kz.otyrar.kz

Астана қаласының 51 жастағы тұрғыны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті өзін жер қатынастары саласында ықпалы бар адам ретінде таныстырып, жәбірленушіге жер учаскесін заңды түрде рәсімдеп беруге көмектесетінін уәде еткен. Әйел өзінің таныстары мен мүмкіндіктерін алға тартып, жер телімін қысқа мерзімде алып беруге сендірген.

Күдіктінің сөзіне сенген жәбірленуші бірнеше кезеңмен қомақты ақша берген. Алайда уақыт өте келе уәде етілген жер учаскесі берілмегені анықталған. Кейін күдікті түрлі сылтаулар айтып, мәселені созбалаңға салған.

Жәбірленуші ұзақ уақыт бойы мәселенің оң шешілетініне үміттенгенімен, ақыр соңында өзіне қатысты алаяқтық әрекет жасалғанын түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.