Úı ANONS «Қаршадай қызды зорлауға оқталған» жасөспірім емге жіберілді

«Қаршадай қызды зорлауға оқталған» жасөспірім емге жіберілді

Шымкентте талтүсте  7 жасар қызды зорламақ болды деген 16 жастағы жігіт мәжбүрлі емге жіберілді. Іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Қылмыстық кодекстің «Жас балаға қатысты зорлауға оқталу» бабымен күдікке ілінген жасөспірімге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану сұралған. Сотта күдіктінің психикалық ауруымен ауыратыны анықталған.  Іс жабық сот отырысында қаралған.

 

 

«Сот А.-ның әрекетін Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігімен саралап, қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес жағдайда жасағандықтан, қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатып, оған психикалық жағдайына байланысты жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шараларын тағайындады»

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫ

 

Прокурор да сотта  айыпталушы қылмыстық іс әрекетін есі дұрыс емес жағдайда жасағанын айтқан. Сондықтан оны қылмыстық жазадан босатып, істі тоқтатуды және оның психикалық жағдайына байланысты жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шараларын тағайындауды сұраған. Жәбірленушілер мен қорғау тарабы мұнымен келіскен.

 

Айта кетейік, оқиға ақпан айында болған. Түсте сабаққа бара жатқан 1-сынып оқушысын жолда 16 жастағы ер адам күштеп алып кеткен. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желіге тараған. Кейін ол қаршадай қызға азғындық жасауға оқталды деген күдікпен, қамауға алынған еді.

 

 

Дилара Иса