ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызу 2 есе ұлғайды

214

Эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдемге түсетін қоңыраулардың саны өскені байқалады. Қазірде 103-қызметіне күніне орташа есеппен 1800-2000 қоңырауға дейін келіп түседі.

Шақыртулардың басым бөлігі ЖРВИ, пневмония сынды инфекциялық аурулар. ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызу 2 есе (2019 ж. маусым – 124, 2020 ж.маусым – 260), пневмония диагнозымен 7,2 есе (2019 ж. Маусым-18, 2020 ж.маусым -130) ұлғайды.

Инфекциялық аурулардың артуына байланысты қалада 1420 тесек орын ашылды. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290-карантиндік, 440-провизрлік төсек орын ашылды. Осының есебінен орын жетіспеушілік проблемасы реттелмек. Сондай-ақ 22 ИВЛ және 38 монитор аппараты қосымша орнатылды. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 27-ші маусымына дейін 40 ИВЛ аппараты орнатылады деп жоспарлануда.

Жұқтыру бойынша көрсеткіштердің артуы сақтық шаралардың тиісті деңгейде сақталмауы. Тұрғындардың басым бөлігі әлі де болсын (дистанция, қол гигиенасы, маскалар) сынды сақтық шараларын елемеумен байланысты. Салдарынан халық арасында инфекцияға шалдыққан науқастардың саны артуда.