Úı ANONS Дәрігерлер сирек кездесетін диагнозбен туылған нәрестеге күрделі ота жасады

Дәрігерлер сирек кездесетін диагнозбен туылған нәрестеге күрделі ота жасады

фото ШҚДСБ
2025 жылғы 6 желтоқсанда Шымкент қалалық перзентханасында ұл бала дүниеге келді. Нәрестеде сирек кездесетін туа біткен ақау — сарыуыз өзегінің толық жабылмауы (толық жыланкөз) анықталды. Бұл жағдайда ішек пен кіндік арасындағы өзек өздігінен жабылмайды, сондықтан хирургиялық араласу міндетті.
Нәресте өмірінің 5-тәулігінде сарыуыз өзегінің толық жыланкөзін кесіп алып тастау бойынша күрделі операция жасалды. Ота сәтті өтті. Ерте отадан кейінгі кезеңге байланысты баланың жағдайы ауыр деп бағаланып, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірнеше күннен кейін нәрестенің жағдайы жақсарып, дәрігерлер оны анасының қасына палатаға шығарды.
Қазіргі таңда баланың жағдайы дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында, емдеу шаралары жалғасуда.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында жаңа туған нәрестелерге перинаталдық орталық, қалалық перзентхана және балалар ауруханасы базасында неонаталдық хирургиялық оталар жасалады. Осы уақытқа дейін дәрігерлер 200-ге жуық сәбиге күрделі ота жасап, олардың өміріне төнген қауіптің алдын алды.