Úı ANONS Ауруханадан қашып кетіп, жасырынып жүрген сотталушы ұсталды

Ауруханадан қашып кетіп, жасырынып жүрген сотталушы ұсталды

фото ТОПД
Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады. Ол Түркістан қаласынан танысының үйінен ұсталды.
▫️Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті іс шаралар атқарылуда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
❕Естеріңізге сала кетейік, оқиға ағымдағы жылдың 23 қазанында болған. Сотталушыны ұстау мақсатында ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, бақылау бекеттері қойылды, сондай-ақ полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Бұл жайт Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.