Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханаларында реанимациялық орындар жетіспейді. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді.
Министрдің орынбасары кей өңірлерде төсек орындар атымен жоқ. Мамандар қауіпті инфекцияның таралуының әр облыста өз ерекшелігі барын айтады. Соған қарай туындап отырған проблемалар да әралуан. Үкіметтегілерден қайран бар ма?
Өткен айда COVID инфекциясымен ауырған науқастардың ең жоғары өсімі – халық көп орналасқан, яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында тіркелген. Науқастардың көп түсуінен Шымкент қаласындағы инфекциялық ауруханаларда жансақтау төсектері жеткіліксіз болып отыр. Халық тығыз орналасқандықтан осы өңірлерде байланыста болған адамдардың саны да көбейіп жатыр. Бүгінгі таңда олардың саны 115 мыңға жетіпті.
Ажар ГИНИЯТ, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі: «Шымкент – халық тығыз қоныстанған қалалардың бірі. Қаладағы инфекциялық ауруханаларда жансақтау төсектері жеткіліксіз. Онда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан қарағанда ірі республикалық емханалар жоқ. Төсек қоры жеткілікті. БҚО-да инфекциясының сырттан әкелу жағдайы көп. Облыс басқа елдермен шекаралас. Көршілес облыстарға ішкі еңбек миграциясымен ерекшеленеді. Осыдан барып бұл облыстарда байланыста болған адамдарды анықтау жұмысын анықтау өте қиынға соғуда. Байланыста болған адамдардың елде саны көбеюде. Бүгінгі таңда олардың саны 115 мыңға жетті. Олар – әлеуетті науқас болып табылғандықтан, дәрігерлер КВИ бойынша тестілеу, динамикалық бақылау жұмыстарын жүргізуде».
Бұдан былай үйінде пневмониядан емделіп жатқандар кей дәрі-дәрмектерді тегін ала алады. Олардың тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді. «Ол дәрі-дәрмекті емханалардың жанындағы мобильді топтар тегін жеткізіп береді», — деген Айжан Есмағамбетова әкімдіктерге қосымша дәрі-дәрмек алу міндеті жүктелгенін де жеткізді.
«Қазіргі таңда МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек пен препараттардың тізімі жасалды. Яғни, ЖРВИ мен пневмониядан үйінде емделіп жатқандар осы дәріні ала алады. Бұған дейін емхана дәрігерлерімен кеңес өткізген едік. Сол жиында аталған тізім аясында COVID-19 инфекциясына ұқсас және пневмониямен ауырғандарды тегін дәрімен қамти алатынымыз туралы шешімге келдік».
Жедел жәрдем көлігін шақырту жағдайы кей өңірлерде төрт есеге артқан. Жәрдем көлігінің жетіспеушілігі мәселесі әсіресе Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарында өзекті болып отыр. Вице-министр елімізде жедел жәрдем көліктерінің жеткіліксіздігін жасырмады. Бұл түйіткіл қыркүйек айының соңына дейін шешіледі деді министрлік өкілі.
Мақпал Рысбаева