Жаназа намазына 30 кісіден артық жиналуға болмайды

171
жаназа намазы

Енді жаназа намазына 30 кісіден артық жиналуға болмайды. Оның өзінде, олардың тек туған-туыс болуы міндетті. Онда барғандар медициналық берперде тағып, қолғап киіп, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Сондай-ақ, бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауы қадағаланады. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында баяндады.

Айтуынша, ендігі жерде бұл рәсімге бір ғана діни қызметкер қатысады. Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырылмай, жамағат өзара кемінде екі метр қашықтықты сақтауы міндеттелмек. Осы және өзге де өзекті талап-ережені түсіндірген наиб-мүфти қонақ асын өткізуге де қатаң тиым салынғанын мәлімдеді.

Мөлдір Бекеева