Úı Jańalyqtar Шымкентте алғаш рет Құран оқудан аймақтық жарыс өтеді

Шымкентте алғаш рет Құран оқудан аймақтық жарыс өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігіне қарасты жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 27-28-қыркүйегі күндері «Сейіткәрім қажы» атындағы аймақаралық Құран оқу жарысы өткізіледі.

Құран оқу

Құран жарысының түрлері

Ер балаларға:

– 30-пара (Нәс пен Нәбә сүрелері);
– 5 пара бойынша (ерікті);
– 30 пара (толық).

Қыз балаларға:

– 30-пара (Нәс пен Нәбә сүрелері);
– 2 пара бойынша (ерікті).

Ерлер арасында 5 — 13 жасар және 14 — 25 жас арасығында үміткерлер қатысады.

Ал қыз балалар арасында 5 — 13 жасар және 14 — 30 жас арасында жарыс өтеді.

Айтулы жарысқа Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Оңтүстік Қазақстан облысынан талапкерлер қабылданады.

Жалпы жүлде қоры 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге.

Жарыс қыз балалар үшін 27-қыркүйек күні сағат 9:00-де, ал ұлдар үшін жарыс 28-қыркүйек күні сағат 9:00-де басталады.

Құран оқу жарысына қойылатын талаптар:

– Оқу қырағатына, тәжудіне және жаттау қабілетіне қарайды;
– Қатысушы талапкерлер жарысқа дейін тіркелуі шарт.

Өтетін орны:

Шымкент қаласы, облыстық орталық мешіт (Бекжан базары қасында)

Анықтама телефондары:

+7 702 527 97 57, +7 705 490 50 16, 8(7252) 45 33 38

e-mail: dasturkzt@mail.ru

Ұйымдастырушы:
ОҚО бойынша жастар ісі бөлімі