Шымкентте ағайындылар сібір жарасын жұқтырған

114

Шымкентте сібір жарасын жұқтырған екі науқас ауруханада жатыр. Бұл туралы бүгін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Айтуынша, жұқпалы инфекция Абай ауданы Тельман шағынауданының тұрғындарынан анықталған. Сібір жарасы табылған ағайындылардың мал асырап, ет сатумен айнасалысатыны анықталып отыр.

Науқастармен тығыз қарым-қатынастар болған 21 тұрғын анықталыпты. Туған-туыстары мен отбасы мүшелері тексеріліп, қауіпті дерттің алдын алу үшін олар тиісті ем-дом шараларын қабылдаған. Алайда, ешқайсысынан ауру белгілері табылмады дейді мамандар. Департамент қызметкерлері ошақ орнына тиісті тексерулер жүргізіп, дерттің алдын-алу жұмыстарын жүргізген.

Балкүміс МҰСАЕВА, Шымкент қаласы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басышысы: «Қазір науқастардың жағдайы өте жақсы. Тиісті ем-дом шараларын алып жатыр. Бірер күнде ауруханадан шығарылады».

Мақпал Рысбаева