Түлкібас ауданында жаңа көпір салынып, жолдар жөнделуде

355

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көп жылдардан бері көпір салу мәселесі шешімін таппай келген еді. Қазіргі таңда жаңа көпір ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Түлкібас кентінде 15 көше жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін Қарағашты ауылының тұрғындары аудан орталығына бару үшін өзеннен өтуі тиіс болған. Амалсыздан 3 шақырым жолды айналып өтіп, жаяу қатынап келген еді. Биыл осы өзеннің үстінен көпір құрылысы қолға алынып, тапсырылды. Сондай-ақ, мұнда түнгі жарықтандыру шамдары қойылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына да барлық жағдайлар қарастырылған.

Ал, Түлкібас кентінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдар ретке келтірілуде. Ал, ауылдағы жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қараша айында пайдалануға берілмек.