Түркістан әкімі тұрғындармен рухани-мәдени орталықтың құрылысын аралады

40

Тарихи шаһардың көркін кіргізу үшін жасалып жатырған жұмыстар мен салынып жатырған құрылыстар көп. Солардың бірі рухани-мәдени орталықтың құрылысы. Аталған нысандағы жұмыс барысымен қала басшысы Рашид Аюпов Абатұлы халықпен бірге танысты. Түркістан қаласы әкімдігінің инстаграм парақшасы арқылы тікелей эфирге шыққан қала әкімі бірнеше ғимараттың құрылысын елге баяндап, қандай мақсатта салынып жатырғаны жайында түсіндіріп берді.Бұл туралы ERNUR.KZ хабарлайды.

Бұл Шымкент қаласы сыйға тартқан Ғылыми-әмбебап кітапхананы, Атырау қаласынан сый етіп берілген жеті қазынамыздың тарихынан сыр жертетін «Ұлы дала елі» музейін, «Драма театрының» құрылысын Ақтөбе қаласы мойнына алғанын айтты Рашид Абатұлы. Түркістандық халықтың менталитеті сай етіп, салтанат сарайымен бірге салынып жатырған «Hampton by Hilton» қонақ үйін де тікелей эфирдегілерге таныстырды. Өткен жылы пайдалануға берілген неке қию сарайының бүгінде карантин кесірінен жұмысын тоқтатып тұрғанын айта отырып, оның да сыртқы келбетін елге көрсетті.