Түркістан бүгінгі күні әлем назарында. Тарих пен жаңашылдықтың астасып жатқан жеріне киелі орындарды көру үшін жаһандағы туристік орталықтар да үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Әсіресе, түбі бір түркі тілдес бауырларымыз бен мұсылман жұртшылық үшін екінші Меккедегі жаңғыру, жаңару аса құмарларын аудырып отырғандай. Жаһанды жайлаған індет Түркістандағы туризмнің бәсеңдеуіне себеп болғаны сөзсіз. Дегенмен, өңірдегі құрылыс жұмыстары бір сәтке де тежелген емес. Өткен жылы 1137917 туристі құшақ жая қарсы алған қала. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 5 милионға жеткізуді басты мақсат еткен