Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы аумағындағы 8 шағынауданы, Республика даңғылы және 1-мамыр көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындардың қатысуымен бүгінгі таңда 3 мың раушан гүлдің көшеттері отырғызылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала көркін көркейтіп, аулаларды абаттандыру және тұрғындарды осындай игі бастамаға ұйытқы болып, тазалыққа шақыру.
Аудан әкімі Бұхарбай Парманов гүл көшеттері егіліп жатқан аулаларға барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, алдағы уақытта 15 мыңға жуық раушан гүл көшеттері егілетінін мәлімдеді.