Úı ANONS 1 шілдеде күшіне енетін жаңа заң қоғам назарында

1 шілдеде күшіне енетін жаңа заң қоғам назарында

Елдегі конституциялық өзгерістерге байланысты наурызда мақұлданған заң 1 шілдеден бастап толық жұмыс істей бастайды. Осыған орай, ғалымдар мен жастар жиналып, жаңа демократиялық қадамдардың қоғам үшін қандай пайдасы бар екенін талқылады. Жиын барысында қатысушылар елімізді басқару жүйесін қалай жаңғыртуға болатыны туралы ой бөлісті.

 

Жаңа заң 1 шілдеден бастап толық күшіне енеді. Осыған орай, елдегі саяси реформалардың маңыздылығын түсіндіру және жаңа заңдағы демократиялық құндылықтардың қоғам үшін пайдасын сараптау мақсатында арнайы жиын өтті. Басқосуға ғалымдар, саясаттанушылар мен студент жастар жиналып, жаңашылдықтарды талқылады

 

РАУАН ҚАЛДЫБАЙ, СТУДЕНТ: «Жалпы заңға енгізіліп жатқан 85 пайыз өзгерістер  заман талабына сай адам құқықтарын қорғау мақсатында өзгертіліп жатыр деп есептеймін. Бұл өзгерістер студенттерге жаңа мүмкіндіктерді силауы мүмкін. Себебі мемлекеттік қызметке бару үшін және де студенттік уақыттағы  біздің уақытымызды өткізу секілді детальдар қарастырылған десек болады».

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өткен диалог алаңында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сарапшылар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты аясындағы реформалардың атқарушы биліктің жауапкершілігін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды.

 

ЖАНДОС СӘРСЕНБЕКОВ, САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: «Жаңа ата заңымыз, жаңа конституция, бізге әрине берері мол. Соның ішіндегі енді басты айта кетерлігі бір палаталы парламент. Оның толыққанды пропорционалды сайлау жүйесі бойынша партиялық тізіммен сайлануы. Және де басты нәрселердің бірі бұл құрылтайдың уәкілетілігінің күшеюі».

 

Жиынға қатысушылар Конституцияда бекітілген заң үстемдігін қоғамда толық жүзеге асырудың маңыздылығын алға тартты. Олардың пікірінше, мұндай ашық диалог алаңдары құқықтық мәдениетті көтеруге және азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сенімін нығайтуға септігін тигізеді. Еске сала кетейік, референдум нәтижесінде халықтың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап, 15 наурыз Конституция күні болып бекітілген еді.

Ботакөз Әнуар