Министр кеңесшісі әлеуметтік үйде болды

106

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова «Ізгілік» әлеуметтік үйінде болып, сондағы «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының жұмысымен танысты.

Аталған қордың құрылғанына үш жыл болған. Осы уақыт аралығында қоғамдық қордың еріктілері көптеген игі істердің басы-қасында болып, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсара түсуіне өз үлестерін қосқан. Аталған ұйым бүгінде 5 бағыт бойынша жұмыстарын жандандыра түскен.

Олар: білім, спорт және денсаулық, әлеуметтік бағыт, үймен қамту. Бұл игі істердің барлығында демеушілердің үлесі жоқ емес. Мемлекеттік мекемелермен, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу стратегиясы да бар. Министрлік өкілі аталған ұйымның жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі.