Түркістан облысының аумағында «Учаске»жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған шараның ауқымы кең. Әрі күтілетін нәтиже де жоғары. Негізгі мақсаты да сол – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.

Аталған іс-шара аясында тәртіп сақшыларының назарынан аулалар, пәтерлер, базарлар мен сауда орындары, саяжай, құрылыс объектілері, жертөлелер де тыс қалмайды.

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары оның ішінде полиция майоры Ж.Мырзагелді Қазығұрт ауданында орналасқан барлық жалдамалы пәтер беретін азамат пен азаматшаларға Республика көлемінде «Учаске» іс-шарасы өтуіне байланысты, тұрғындарға жеке-жеке ескертіп, елемеген жағдайда әкімшілік хаттама толтыратыны жайында ескертілді.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қолдауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларға әрбір азамат жоғары түсіністікпен қарағандары жөн дейді тәртіп сақшылары.