Түркістан облысында екі әйел иіс тиіп, уланып көз жұмды. Оқиға Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы үйлердің бірінде орын алған.
Тұрғын үйге қонаққа келген 47 және 49 жастағы азаматшалар жуынуға кіріп, ваннада 1 сағаттай отырып, ес-түссіз күйде болған. Мәйітін көрген үй иесі бірден төтеншеліктерге хабар береді. Қайғылы жағдай түнгі сағат 01:00 шамасында болған.
Оқиға орнын тексеру кезінде жуынатын бөлменің ауданы 10 шаршы метрді құрайтыны анықталды. Жуыну бөлмесінде су жылытатын газ колонкасы орнатылған. Оқиғаның алдын-ала себебінің болжамы бойынша газ жабдықтарын орнату ережелерінің бұзылғаны белгілі болған.
Атап айтқанда, түтін каналының бұрылуы ғимараттың сыртына шығарылмаған. Соның салдарынан пайдаланылған газ үй-жайда таралып, ауа ағынын шектеген.
Нұрлан Сұлтанбек