Қос азаматтығы бар мемқызметкерлер жұмысынан қуылады

123

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан босатылады. Жаңа заң жобасы мәжіліс отырысында мақұлданды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолауында қос азаматтығы бар жандардың мемлекеттік қызмет пен квазисектор басшылығында болмауын талап еткен еді.

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы: «Мемлекет басшысы өз Жолдауында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қатаң шараларды қабылдау қажеттігін айтты. Осыған байланысты Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы келесі түзетулерді енгізу ұсынылады: біріншіден, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салуды бекіту керек. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің және квазимемлекеттік мекеме басшыларында қос азаматтық анықталған жағдайда оларды жұмыстан босату керек».

Сондай-ақ, енді ауызбастырық алған квазимемлекеттік сектор қызметкерлері кешірілмейтін болды. Жемқорлыққа жол берген мұндай жандар өмір бойына қызметімен қош айтысып, аталмыш салаға жоламайтын болады.

                                                                                       Назерке Үкібасова