Úı ANONS Жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Шымкентте сыбайлас жемқорлықпен күрестің заманауи тәсілдері сөз болды. Мамандар жаңа заңдардың тиімділігін, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және алдын алу шараларын күшейту жолдарын талқылады. Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар спикерге сұрақ қойып, пікір алмасты.

 

Шымкентте сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері қаралды. Қоғам үшін өзекті бұл тақырып тағы да күн тәртібіне шығарылып, мемлекеттік қызметтегі әділдік пен ашықтықты нығайту жолдары талқыланды. Қатысушылар мұндай басқосулардың маңызына тоқталып, қоғам дамуы үшін аса қажет екенін атап өтті.

 

СӘКЕН МӘЖІМБЕКОВ,  М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ: «Періште алтын көрсе жолдан тайыпты» дегендей, бұл біздің салада да орын алған нарсе. Шынын айту керек. Кейін келген басшылар бұл мәселелермен айналысты. Сондықтан да бұндай шараларды көбейту керек деген ойдамын. Өйткені адамдардың арасында да ой пайда болу керек»

 

Сонымен қатар, жиын барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар да қаралды. Жауапты басқарма өкілі жаңа заңнамалық өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

 

АЯНАЙ РАЕВА, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жаңа заңға сәйкес, жалпы мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі. Олардың жалақысына қатысты мәселелер. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қатысты жауапкершілікті арттыру мәселесі секілді бірқатар өзгерістер бар»

 

Маманның айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тек заңмен шектелмейді, ол қоғамдағы сана мен көзқарасты өзгерту арқылы да жүзеге асуы тиіс. Осы орайда мұндай жиындардың тәрбиелік әрі профилактикалық мәні зор.

Лаура Бабас