Шымкенттің тумасы АҚШ-та әйгілі болды

118

Шымкент қаласының тұрғыны Фархад Юсупов Қазақстаннан АҚШ-қа 15 жыл бұрын қоныс аударған.

Қазіргі таңда біздің жерлесіміз Лос-Анджелестегі Батыс Голливудтың қалалық Кеңесіне сайлауға түсуде. Үміткерлер арасында жеңіске жеткен азамат Кеңеске 4 жылға сайланады екен. Сайлаудың әділ өтетіне Фархадтың күмәні жоқ.

Фархад Юсупов: «Ең бастысы барлығы сайлауға қатысып дауыс берсе болғаны. Ал, дауысты есептеу және оның әділ өтетініне еш күмәнім жоқ. Жауапкершілікті сезінемін. Шымкентте осыдан 3 жыл бұрын болдым. Анам, туыстарымның барлығы шахарда тұрады. Мен олардың сенімін ақтауға тырысамын».

Шынар Оразова