Бүгін таңертең, АҚШ-ғы Ақ үйде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында екі тарап авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар саласында 17 миллиард доллардан астам сомаға жаңа келісімдерге қол қойды.
Тілшілер Дональд Трамптан «Сізді Қазақстанға алғаш қадам басқан АҚШ президенті деп айта аламыз ба?», — деген сауал тастап, елімізге қашан баруды жоспарлап отырғанын сұрады. Тосыннан қойылған сауалға АҚШ президенті еш саспады. Мұндай мүмкіндікті жоққа шығармады. Қазақстан туралы жылы пікір айтып, Қ. Тоқаевқа жоғары баға берді.
«Мен бұл мүмкіндікті жоққа шығармас едім. Бір жылдан кейін не болатынын ешқашан білмейсің. Сіздің еліңізде орасан зор табиғи ресурстар бар және сіздерде парасатты президент бар», — деді Д. Трамп.






