Білім саласындағы жемқорлыққа тиым болмай тұр

181
фото shymkenttv.kz

«Шымкенттік оқушылардың білім сапасы төмен түсіп кеткен. Бұл онлайн оқудың кесірінен», — дейді қаламыздың бас ұстазы Жанат Тәжиева.

2020 жылды қорытындылаған білім басқармасындағылар үшінші тоқсаннан бастап бітіруші сыныптар 15 оқушыдан аспайтын аралас форматта оқитынын мәлімдеді. Яғни, офлайн форматта орыс тілі мен әдебиет, қазақ тілі мен әдебиет, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география және Қазақстан мен дүние жүзі тарих сабақтарына қатысады.

Қалған 30 пайыз пәндер қашықтан оқытылады. Сонымен қатар, қалада білім саласындағы жемқорлық та тыйылмай тұр. Биылдың өзінде бармақ басты әрекеттің 31 жағдайы тіркеліпті.

Ғалымжан Кенжебек